Рубио Ормұз бұғазының ашық екенін айтты

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6J5WuhY5xQv2sqYw67rtY4QoKs530YHb7yJmVSWS.webp

Ормұз бұғазы арқылы кемелер мен жүктер өтіп жатыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters-қа сілтеме жасап.

«Бұғаз арқылы кемелер қатынап жатыр, мұнай тасымалы жалғасуда, сондықтан Ормұз бұғазы ашық. Дегенмен, қазіргі уақытта Иран мен Оман арасында бұғаз арқылы көбірек кеменің қауіпсіз өтуін қысқа мерзімде қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Бұл процеске біз де қатысып отырмыз», — деді АҚШ сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

Рубионың айтуынша, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери науқанының басты мақсаты — Ислам Республикасының ядролық қаруға ие мемлекетке айналу ниетінің алдын алу.

Маусым айында АҚШ-тың Иранға жасаған жаңа соққылары аясында қауіпсіздік мақсатында Иран Ормұз бұғазын барлық үлгідегі кеме үшін кезекті рет жапқан болатын.

댓글
기타 기사