Қостанай облысының Рудный қаласында пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна".
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы болуы мүмкін тұлғаны табуға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамды анықтау мақсатында қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Ведомство тергеу мүддесіне байланысты іс бойынша өзге ақпараттың әзірге жария етілмейтінін хабарлады.
