Мадуро ісі. Сот процесі 2027 жылы басталмақ

240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9GOLslVN0gDvD0jqok79BvQqoUPf758vh0w8CgvE.webp

Венесуэланың экс-президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты сот процесі 2027 жылғы 1 маусымда басталады. Бұл туралы AP агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Судья Элвин Хеллерстайн аталған күнді прокуратура мен қорғау тарапының ұстанымдарын ескере отырып бекіткен.

Сот тыңдауы барысында Николас Мадуро да, Силия Флорес те сөз сөйлеген жоқ. Екеуі де өздеріне тағылған айыптарды мойындамаған. Егер алқабилер оларды АҚШ-қа кокаин жеткізу жөніндегі астыртын келісімге қатысқан деп тапса, аталған тұлғалар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мадуроның адвокаты Барри Поллак қорғауындағы азаматтың егемен мемлекеттің басшысы ретінде сот иммунитетіне ие екенін айтып, тағылған айыптау қорытындысына шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Мадуро мен оның жұбайы қаңтар айынан бері Нью-Йорктегі түрмеде қамауда отыр.

2026 жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағында әскери операция жүргізуге бастамашы болған еді. Оның барысында президент Николас Мадуро елден шығарылған. Операцияның ресми себебі ретінде Мадуроның АҚШ-та іздеуде жүргені көрсетілген.

댓글
기타 기사