Нұрай Серікбайдың өлімі. Алғашқы сот отырысының күні белгілі болды

134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Аса қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы 2026 жылдың 21 шілдеде өтеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, алдын ала тыңдау сағат 10:00-де Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Тыныбаев көшесі, 42) өтеді.

Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокаттар Аянхан Омаров пен Мұхаммеджан Ахметов қорғайды.

Алдын ала тыңдау барысында сот істі негізгі сот талқылауына қабылдау және процестің әрі қарайғы тәртібіне қатысты мәселелерді қарайды.

Еске салайық, бұл – Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша өтетін алғашқы сот отырысы.

댓글
기타 기사