Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, ауыр жарақат алды

78
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Da4Bfu3IGt0KK6LCi7lpkJujuU3cilGZAS5tUGQ4.jpg

Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы бойжеткен 10-қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна".

Алматы қалалық полициясының мәліметінше, қыз алдымен бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге құлаған. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында бойжеткен мен оның жігіті арасында жанжал болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр. Мамандар оның өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр.

댓글
기타 기사