Қазақстан алма импортына тыйым салуды жоспарлап отыр

221
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OhPIVn1oZpZAeF5nzdpm6qK8YiBs5XdVbceqH5BK.jpg

Қазақстан 2026 жылдың соңына дейін алма импортына тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоба бойынша шектеу автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы үшінші елдерден, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін алмаларға қатысты енгізілмек.

Министрлік мұндай шараны отандық өндірушілерді қолдау және олардың өнімін тұрақты өткізу нарығымен қамтамасыз ету мақсатында енгізуді ұсынып отыр.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан ТМД елдерінен шамамен 6 550 тонна алма мен алмұрт импорттаған.

댓글
기타 기사