Air Astana ұшағы Астанаға қона алмады

136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MlZ99wWrIvD5HRB8Sqot7FXeZZ0Ie89lMPKZUGKP.jpg

Air Astana әуе компаниясы Астанаға жете алмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы – Астана бағыты бойынша КС641 рейсін орындаған ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға қайта оралды.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қабылданған.

«Астана және Қарағанды қалаларындағы қолайсыз ауа райына байланысты бүгін Алматы – Астана бағыты бойынша КС641 рейсін орындаған ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды», – деп хабарлады Air Astana.

Компанияның мәліметінше, КС641 рейсінің қайта ұшуы жақын уақытта жоспарланып отыр.

댓글
기타 기사