Тыйым салынған жерде шомылған ер адам суға батып кетті

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IyYTbNkBY76DnogT7WoEg62dNPEjSHDnWafBA95z.jpg

Ақмола облысында суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылған 39 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусым күні Целиноград ауданындағы Қоянды су қоймасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1987 жылы туған ер адам достарымен бірге демалып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде болған және шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Жүзу кезінде ер адам суға батып кеткен. Оқиға орнында болғандар оны өз күштерімен таба алмаған. Марқұмның денесін Астана қаласынан келген құтқарушы-сүңгуірлер судан алып шықты.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, тыйым салынған орындарда шомылмауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеуге шақырды.

댓글
기타 기사