Өзенге секірген жасөспірім ауыр жарақат алды

248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IyYTbNkBY76DnogT7WoEg62dNPEjSHDnWafBA95z.jpg

Ақмола облысының Софиевка ауылында өзенге биіктен секірген 16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Айқынға сілтеп.

Оқиға Ақжар өзенінде кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім суға бірнеше рет биіктен секірген. Кезекті секіріс кезінде ол басынан жарақат алып, мойын және бел омыртқаларын сындырған.

Зардап шеккен жеткіншек жедел түрде Астанадағы көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл өңірде суға түсуге байланысты тіркелген жалғыз қайғылы жағдай емес. Бұған дейін Жібек жолы ауылының маңында суға шомылу кезінде әйел адам қаза тапқан болатын.

댓글
기타 기사