Қырғызстан мен Өзбекстан жер телімдерімен алмасты

279
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5ZZbhGRhT1MRuCb4ZseEkYaeCGj8u4tzwg0uTTjF.jpg

Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау үдерісі аясында екі ел арасында аумақтық алмасу жүзеге асырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Нәтижесінде екі елді мекен тұрғындарымен бірге Қырғыз Республикасының құрамына өтті.

Мәліметке сәйкес, Қырғызстанға өткен елді мекендер – бұрын Өзбекстанның Ферғана облысына қарасты болған Чонгара және Таш-Тобо ауылдары. Бұл ауылдарда шамамен 2500 адам тұрады, олардың басым бөлігі этникалық қырғыздар.

Ресми ақпаратқа сай, тиісті тіркеу рәсімдері аяқталғаннан кейін жергілікті тұрғындарға Қырғыз Республикасының азаматтық құжаттары берілмек. Өз кезегінде Қырғыз тарапы Өзбекстанға жалпы аумағы 236 гектарды құрайтын шекара маңындағы жер учаскелерін берді. Аталған аумақтық алмасу екі ел арасындағы шекара инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар бұл келісім шеңберінде Сай және Таян ауылдарын байланыстыратын автожол құрылысы жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жоба нәтижесінде Айдаркен мен Баткен арасындағы жол қашықтығы 225 шақырымнан шамамен 55 шақырымға дейін қысқарады деп күтілуде.

Айта кетейік, Қырғызстан бұған дейін Қазақстанмен де шекаралық аумақтарды алмасу мәселесін көтерген.

댓글
기타 기사