Қазақстан құрамасы Қытайдағы әлем кубогы кезеңін 5 алтынмен аяқтады

237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LWhBLhUbhZ2cyjcBr9aTFuTQXwMm8R2NO7746TeQ.jpg

Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңіндегі жарысты аяқтады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды. Ел қоржынына түскен соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті.

Бұған дейін әлем кубогы кезеңінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

댓글
기타 기사