АҚШ-та терроризм күдігі бойынша Қазақстан азаматы ұсталды

353
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5E1dx9KWnSHNjXfGCQ6GQPZtPE8GAufRFyRnh0kT.jpg

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ер адам 5 маусымда федералдық серіктестердің қатысуымен арнайы операция барысында ұсталған. ICE мәліметінше, ол терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінген.

«Өткен жазда иммиграциялық сот судьясы оны елден депортациялау туралы шешім шығарған, алайда ол сот отырысына келмеген. Еламан Балтагерей терроризмге күдікті ретінде ұсталды және оған қатысты депортация туралы түпкілікті шешім қабылданған. Ол елден шығару рәсімдері ұйымдастырылғанға дейін ICE қамауында болады», – делінген хабарламада.

댓글
기타 기사