"Қызының аттестат алуына асыққан". Айтыскер күйеуімен бірге көз жұмды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Астана – Қостанай автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан айтыскер, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов мәлімдеді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар Астанадан таңғы сағат 04:00 шамасында жолға шығып, мектеп бітіру салтанатына асығып бара жатқан. Бүгін олардың қызы Алтынайға қызыл аттестат табысталуы тиіс болған. Марғұлан Оспановтың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Атбасар мен Есіл қалаларының арасындағы тасжолда болған. Сондай-ақ ол отбасының жалғыз ұлы Нұрсұлтанның ата-анасынан айырылғанын хабарлағанын жеткізді.

Әріптестерінің айтуынша, Салтанат Өтелбаева ұзақ жылдар бойы Ыбырай Алтынсарин музейінде еңбек етіп, басшының орынбасары қызметін атқарған. Ол мәдени мұраны сақтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және тарихи құндылықтарды насихаттау бағытында елеулі еңбек сіңірген.

Қазір әлеуметтік желілерде қоғам өкілдері, әріптестері мен жақындары марқұмдардың отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасып жатыр.

댓글
기타 기사