Лукашенко Зеленский туралы сөздері үшін кешірім сұрады

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nS8SHgddxKi5Y8sZ5uf6lEm1maFNHUGepAQGDdC5.webp

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина президенті Владимир Зеленскийге қатысты бұған дейін айтқан өткір мәлімдемелері шамадан тыс болғанын мойындап, кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Al Arabiya English арнасына берген сұхбатында Лукашенко өзінің сын-пікірі Беларусь аумағына соққы жасалуы мүмкін деген мәлімдемелерге жауап ретінде айтылғанын жеткізді. Оның айтуынша, егер Владимир Зеленский бұл сөздерге ренжіген болса, ол кешірім сұрауға дайын.

«Егер Владимир Александрович осы сөздеріме ренжісе, мен ол үшін кешірім сұраймын. Мүмкін, мұндай жағдайда соншалықты қатаң сөйлемеуім керек еді», – деді Лукашенко.

Сонымен қатар ол Беларусь тарапынан Украинаға қарсы әскери іс-қимылдар күтілмейтінін мәлімдеп, өзінің ел басшысы ретінде мұндай әрекеттерге бармайтынын айтты. Лукашенко 2022 жылы Украинаға қақтығысты келіссөздер арқылы реттеу жөнінде ұсыныстар жасағанын, бірақ оның қабылданбағанын алға тартты. Бұған қоса, ол Киевті Беларуське қатысты арандатушылық әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Айта кетейік, Украина Ресейдің астанасы Мәскеу қаласына шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған. 

댓글
기타 기사