Вьетнамдық Green SM такси қызметі Қазақстан нарығына шығады

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Jm4SPCje5WI5IoCcKXK1uMJTKETK1cb7pXY0Rp9y.webp

Вьетнамдық Green SM такси сервисі Қазақстандағы жұмысының егжей-тегжейін жариялад, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компанияның Forbes Kazakhstan басылымына берген мәліметіне сәйкес, қызмет көрсету Алматы қаласында 2026 жылдың маусым айының соңында басталады.

Green SM қызметінің операторы – Green And Smart Mobility Kazakhstan. Компания өкілдерінің айтуынша, алғашқы кезеңде жолаушыларды тасымалдауға электрлі VinFast VF 6 көліктері пайдаланылады. Алғашқы айларда іске қосылатын автокөліктердің нақты саны әзірге жарияланған жоқ.

Қазір компания Алматы қаласындағы іске қосуға басымдық беріп отыр. Қазақстанның өзге өңірлеріне шығу туралы шешім кейінірек қабылданады.

Green SM қызметінің басты ерекшелігі – такси паркі толықтай электрлі көліктерден тұрады. Компания бұл шешімді өзінің негізгі бәсекелестік артықшылықтарының бірі деп санайды. Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау мен қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл бөлінбек. Сервис корпоративтік клиенттермен де жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Green SM-нің Қазақстан нарығына шығу жоспары алғаш рет 2025 жылдың соңында белгілі болған еді. Ал 2026 жылдың көктемінде компания Алматыда жүргізушілер мен қызметкерлерді іріктеуді бастап, маусым айының басында жұмыс шарттарын жариялады.

댓글
기타 기사