Ми-17 тікұшағы құлады. Аман қалғандар жоқ

155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MwQWOkkWK7SdJMGiLNwUdGBZXzxL5NtjeSKdYmjH.jpg

Пәкістан Қарулы күштеріне тиесілі Ми-17 тікұшағы Музаффарабад қаласына жақын жерде құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты. Бұл туралы 10 маусымда Dawn газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың себебі техникалық ақау болуы мүмкін. Құтқару және іздестіру топтары оқиға орнына дереу жеткенімен, аман қалғандар анықталмаған. Қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, тікұшақ ұшу алаңынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған. Әскерилер әзірге бортта қанша адам болғанын нақтылаған жоқ.

Пәкістан президенті Әсиф ли Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

댓글
기타 기사