Өкілдер палатасы Трамптың әскери әрекетін шектейтін қарар қабылдады

55
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jfVyylV3VHfsAOB0OqeZmse5bKiBAjoyrLOjlqyq.webp

АҚШ өкілдер палатасы қарар қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

DW дерегінше, палата Трамптың Конгрестің келісімінсіз Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды жалғастыруына шектеу қоятын қарарды қабылдаған.

Құжатты 215 конгрессмен қолдап, 208 заң шығарушы қарсы дауыс берді. Қарарды демократтармен қатар бірнеше республикашыл депутат та қолдады.

Қарардың мақсаты – АҚШ Конституциясына сәйкес соғыс жариялау құқығын Конгрестің құзыретінде сақтау және президенттің әскери өкілеттіктерін шектеу.

Саяси бақылаушылардың пікірінше, дауыс беру нәтижесі Иранмен әскери қақтығысты қолдамайтындардың қатары артып келе жатқанын көрсетеді. Сарапшылар мұндай көзқарасты ұстанушылар арасында Дональд Трамптың жақтастары да бар екенін атап өтеді.

 

댓글
기타 기사