Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tHqgZYoYq2cD4C4SZaYyngIgtEONmozMX6b3VkLw.jpg

Қырғызстан өз тарихында алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Республика 2027–2028 жылдары осы әлемдік ұйымның негізгі органдарының бірінің құрамына енеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.

Дауыс беру 3 маусымда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында өтті. Қырғызстан 4-турда 142 дауыс жинап, Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері тобынан бір орынға таласқан Филиппинді басып озды.

Сайлау қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына Батыс Еуропа және өзге мемлекеттер тобынан Австрия мен Португалия, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдері тобынан Тринидад пен Тобаго, сондай-ақ Африка мемлекеттері тобынан Зимбабве де енеді. Сайлану үшін елдер БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісінің, яғни кемінде 127 дауыстың қолдауына ие болуы қажет болды.

Қауіпсіздік кеңесінің құрамына 15 мемлекет кіреді. Оның бесеуі – Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция – вето құқығына ие тұрақты мүшелер. Қалған он мемлекет екі жылдық мерзімге сайланады. 2026 жылдың соңында тұрақты емес бес мүшенің – Грекия, Дания, Пәкістан, Панама және Сомалидің өкілеттік мерзімі аяқталады. Олардың орнына бүгін сайланған елдер келеді.

Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға негізгі жауапты орган. Кейбір жағдайларда кеңес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау немесе қалпына келтіру мақсатында санкциялар енгізуі немесе күш қолдануға рұқсат беруі мүмкін.

 

댓글
기타 기사