Путин Қазақстанға келеді. Стратегиялық серіктестік талқыланбақ

295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bUVehKx8WCuaH1CCi8as6ZjiWzjiYcmfGSHQ0JAF.jpg

27-29 мамыр күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылмақ.

댓글
기타 기사