Ресей Киевке тағы да жаппай шабуыл жасады. 60-қа жуық адам жарақат алған

273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DAZL6gNobHbgmurEUY2ixB22ljeHD9WXbv8bKSJ4.webp

24 мамырға қараған түні Ресей Киевке ондаған баллистикалық зымыранмен және «шахед» дрондарымен шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Соққы түнгі бірлер шамасында басталып, таңға дейін жалғасқан. Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, екі адам қаза тапқан, 56 адам жарақат алған. Олардың 28-і, соның ішінде екі бала, ауруханаға жеткізілген. Үш науқастың жағдайы ауыр. 16 адамға жедел медициналық көмек көрсетіліп, олар амбулаториялық ем алған.

Киевтің Шевченко ауданында соққы салдарынан мектеп ғимараты зақымданған. Жергілікті билік сондай-ақ қала бойынша супермаркеттер мен қоймаларға да зақым келгенін жеткізді.

Украина Қарулы күштерінің дерегінше, Ресей Белая Церковь ауданын «Орешник» зымыранымен атқылаған. Кейін бұл ақпаратты Украина президенті Владимир Зеленский де растаған.

Бұған дейін Украина президенті Ресейдің «Орешник» орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранымен соққы жасауға дайындалып жатқанын ескерткен. Оның айтуынша, бұл зымыран алғаш рет 2024 жылдың қарашасында Днепр қаласына жасалған шабуыл кезінде қолданылған, кейін 2025 жылдың қаңтарында Львов облысына соққыларда да пайдаланылған.

댓글
기타 기사