Көксағыз бақбағын жұлғандар ауыр айыппұл арқалайды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/t4EKDj7sWhEi9zKU9X6HxTbJ7I4SEMCatOoYMx5B.webp

Қазақстанда сирек кездесетін көксағыз бақбағын жұлғандарға 13 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы үкіметтегі брифингте экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай қатаң жаза барлық бақбақ түріне емес, тек Қызыл кітапқа енгізілген көксағыз бақбағына қатысты қолданылады. Оның сөзінше, бұл өсімдік жойылып кету қаупі бар сирек түрлер қатарына жатады.

«Бұл – жойылып кету қаупі бар сирек өсімдік болғандықтан, осындай жоғары айыппұл енгізілген. 2019 жылы депутаттардың бастамасымен айыппұл мөлшері 10 есеге артты. Жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді қорғау үшін осындай шара қабылданған», – деді Шәрбиев.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көксағыз бақбағын жұлғандарға 3000 АЕК көлемінде, яғни шамамен 12 975 000 теңге айыппұл салынуы мүмкін.

댓글
기타 기사