Білім берудегі кедергі. Жүйеге шабуыл жасалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dUkBAzqXV0aN5jYZJ0efjQrU5DBImskJCk33aDsT.webp

АҚШ-тағы жоғары және орта білім беру мекемелері ауқымды кибершабуылға ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

NBC дерегінше, салдарынан сабақ кестелері мен емтихан өткізу процесіне кедергі келген.

Юта штатындағы Instructure компаниясы Canvas платформасына жасалған шабуылдың салдарын азайту үшін жедел шаралар қабылдағанын және құқық қорғау органдарына жүгінгенін мәлімдеді.

Canvas платформасын АҚШ бойынша 30 миллионнан астам адам пайдаланады. Жүйе арқылы мұғалімдер оқу материалдарын жүктеп, студенттермен байланыс орнатады және бағалау жүргізеді. Ал студенттер тапсырмаларды орындап, оқу материалдарын қарайды.

ShinyHunters хакерлік тобы Canvas жүйесінен 9 мың оқу орнына қатысты шамамен 6,65 терабайт дерекке қол жеткізгенін хабарлады. Хакерлер талаптары орындалмаса, барлық ақпаратты жариялаймыз деп мәлімдеген.

댓글
기타 기사