Қазақстанда заманауи мектеп ортасының бірыңғай стандартын қалыптасуда

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IhaWzpFa3fxIVMi63WGVHjkxnPXHfiXGoGTzoXZ4.jpg

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы Қазақстанда заманауи мектеп ортасының бірыңғай стандартын қалыптастырады. Жаңа форматтағы мектептер әрбір баланың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және қауіпсіз ортада оқуына кең мүмкіндік беретін кеңістікке айналуда. 

Бұл білім беру ордаларының техникалық жабдықталуы аналитикалық ойлау мен IT-құзыреттерден бастап, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерге дейінгі дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды. 

Мәселен, №154 И.Қ.Мандоки атындағы келешек мектебінің 10-сынып оқушысы Әнуар Элисұлы пластик бөтелкелерді қайта өңдеуге арналған құрылғы жасап шығарды. Бұл жас өнертапқыштың инженерлік тапқырлығымен қоса қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсететін бірегей жоба. 

Әнуардың айтуынша, оның бұл жобасы мектебіндегі STEM зертханасынан бастау алған. 

«Құрылғы қазіргі таңда өзекті болып табылатын экологиялық бағытта жасалды. Яғни, пластик қалдықтарды қайта өңдеу мен пайдаға асыруды көздедім. Пластик бөтелкелерді 3D-да басып, екінші рет пайдалануға жарамды етпес бұрын қалдық пластикті шикізатқа айналдыру қажет. Мен осы тұсқа баса назар аударып, қоқыстан шикізат жасап шығардым. Өз кәсібімді бастап, тапсырыстармен жұмыс жасаудамын. Ал осы жолдың бәрі менің мектебімдегі зертханадан басталды», – дейді Әнуар Элисұлы.

Осылайша, Келешек мектептері жаһандық экологиялық мәселелерге бейжай қарамайтын инноваторларды қалыптастыруда үлкен алаңға айналып отыр.

댓글
기타 기사