Egov-тағы тіл қателігі. ЖИ жауабы сапасыз ба?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XBpIknhuZawHoNLXwOAEzQyVUCBxWQfiKGVzgIkS.jpg

Қазақстандағы мемлекеттік электрондық қызметтерде қазақ тіліндегі жасанды интеллект (ЖИ) жауаптарының сапасы орыс тіліндегі нұсқамен салыстырғанда төмен екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

БАҚ CAPS Unlock жобасының сайтында жарияланған зерттеу мақаласы туралы хабарлады.

Зерттеу авторы Жаннат Бүбекбаева eGov Mobile қосымшасындағы ЖИ ботына қазақ және орыс тілдерінде бірдей сұрақтар қойып, салыстырмалы талдау жүргізген. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, екі тілде де қателіктер тіркелген. Дегенмен, қазақ тіліндегі жауаптарда қате жиілігі мен ауытқу деңгейі әлдеқайда жоғары болған. Мәселен, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) туралы сұраққа орыс тіліндегі бот 3800 теңге деп жауап берсе, қазақ тіліндегі нұсқа 73 мың теңге деп көрсеткен. Ал ресми дерек бойынша, АЕК мөлшері 4325 теңге болып бекітілген.

Сонымен қатар, қазақ тіліндегі бот кейбір сұрақтарға әртүрлі күнде әртүрлі жауап берген, бұл жауаптардың тұрақсыздығын көрсетеді. Зейнетақы туралы сұрақта да айырмашылықтар анықталған: орыс тіліндегі бот Ресейге қатысты қате деректерді келтірсе, қазақ тіліндегі нұсқа Қазақстанның тиісті мекемелеріне дұрыс сілтеме жасағанымен, жалпы жауап сапасы төмен бағаланған.

Қазіргі таңда eGov Mobile қосымшасын 11,7 миллионнан астам азамат пайдаланады, ал ай сайын шамамен 6,4 миллион қолданушыға қызмет көрсетіледі. 

댓글
기타 기사