"Соғысқа тартпақ болды”. Экс-президент премьердің пиғылын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oWpywzOUTBiDfKOOw7OZ0iO9ERleWFa01BLVvTEO.jpg

АҚШ-тың бұрынғы президенті Обама Израиль премьер-министрі Нетанияху өзін Иранға қарсы соғысқа итермелегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол The New Yorker басылымына берген сұхбатында айтқан.

БАҚ таратқан ақпаратта, Нетанияху Обамаға айтылған уәждерді АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп алдында да қолданған. Экс-президент Израиль басшысымен арадағы келіспеушіліктер бұрыннан бар екенін атап өтті.

Сұхбат барысында Обама Трамптың Иранға қарсы соғыс бастау туралы шешіміне де күмән келтірді. Оның айтуынша, бұл қадам Израиль үшін де, АҚШ үшін де ұзақ мерзімді пайда әкелмеуі мүмкін.

«Менің сол кездегі бағам дұрыс болды деп ойлаймын. Ал қазір Нетанияху мақсатына жеткен болуы мүмкін, бірақ бұл Израиль халқына пайдалы болды ма — күмәнім бар. АҚШ үшін де тиімді болды деп айта алмаймын», — деді ол.

Обама сондай-ақ Нетанияхумен арадағы саяси қайшылықтар бұған дейін де кеңінен құжатталғанын жеткізді.

댓글
기타 기사