Әлем кубогынан Қазақстан құрамасы тағы үш медаль еншіледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mo1MDFYXoGTgo6pwt1tzt3YraUPTlv6UwNcIdGaX.webp

Фото: ҰОК

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогінің кезеңінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда. Жарыстың екінші күні отандастарымыз қоржынға тағы үш медаль салды.

Ерлер арасындағы еркін бағдарламада Виктор Друзин 239,1226 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Айта кетерлігі, ол жарыстың алғашқы күні техникалық бағдарламада да үшінші орын иеленген болатын.

Бұл бәсекеде тағы бір қазақстандық спортшы Эдуард Ким үздік бестікті түйіндеді. Алтынды қытайлық Муе Го (263,2338) иеленсе, күмісті британдық Ранджуо Томблин (249,8225) алды.

Техникалық бағдарламада өнер көрсеткен аралас жұптар арасында Қазақстан құрамасы бірден екі жүлдені иеленді. Күміс жүлдені Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов жеңіп алды. Ал қола медаль Артур Майданов пен Айғаным Сайымға бұйырды.

Бұл жарыста Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблин (227,1317) жеңімпаз атанды.

Әйелдер арасындағы жұптар бәсекесінде Мақпал Қалмырза мен Полина Мерзлякова 12-орынға тұрақтады. Ал командалық еркін бағдарламада Қазақстанның қос құрамасы алтыншы және жетінші орындарды бөлісті.

댓글
기타 기사