Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZwhFz4pHXQsfMvIsIeNvLFrqWYpAt93uH7jzkLAM.jpg

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлады. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, жергілікті тұрғындар шамамен сағат 8:30 шамасында қатты дыбысты естіген. Кейін Ресеймен шекараға жақын орналасқан Әлімбет ауылы маңында түтін көтерілген.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл елімізде ұшқышсыз аппараттардың құлауына қатысты алғашқы жағдай емес. 2025 жылғы ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Ұялы ауылы аумағынан белгісіз ұшу нысаны табылған. 2025 жылғы 23 қазанда Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылғаны туралы хабарланған. Ал 2026 жылғы 26 наурызда Батыс Қазақстан облысында тағы бір ұшқышсыз аппарат табылғаны айтылды. Қорғаныс министрлігі әрбір жағдай бойынша тексеру жүргізілетінін мәлімдеген.

댓글
기타 기사