Ресей Иранның мүддесін ескере отырып әрекет етуге дайын – Путин

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0adCYI0eIfPPL5rdFsY34lUCQpXadODPVJr7A7uO.jpg

Фото: РИА «Новости»

Петербургте Ресей президенті Владимир Путин Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен кездесіп, Батыс Азиядағы қақтығыстарды реттеу мәселесін талқылады.

Кездесу барысында Путин Ресей Иранның мүддесіне сәйкес әрекет етуге дайын екенін атап өтті. Ол бұл қадамның аймақтағы барлық халықтардың мүддесіне қызмет ететінін, бейбітшілікке қол жеткізуді жеделдетуге бағытталғанын айтты.

«Өз тарапымыздан, біз сіздердің мүдделеріңізге, аймақтағы барлық халықтың мүдделеріне сәйкес барлық қажетті әрекеттерді жасаймыз, осылайша бейбітшілік мүмкіндігінше тезірек орнайды», – деді Путин.

Путин Иранның Жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи тарапынан келген хабарламаны да жеткізгенін айтты. Ол Ислам Республикасының басшысына денсаулық пен амандық тіледі.

«Иран халқының ерлігі мен тәуелсіздікке ұмтылысына сүйене отырып, жаңа жетекші басшылығымен осы қиын сынақ кезеңінен өтіп, бейбітшілік орнайды, деп үміттенеміз», — деп қосты ол.

Ал Аракчи Мәскеуге Тегеранға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Ол екі ел арасындағы қатынастарды жоғары бағалап, олар әрі қарай нығаятынын атап өтті. Дипломат Иран АҚШ-пен күресті жалғастыра беретінін жеткізді.

«Әлемге дәлелденгендей, Иран халқы өз қарсылығы мен ерлігі арқылы Американың шабуылдары мен агрессиясына төтеп беріп, осы кезеңді аман-есен өткізе алады», – деп түсіндірді ол.

Кездесу басталар алдында министр Ресеймен Батыс Азиядағы қақтығысты аяқтау үшін күштерді үйлестіру мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Кездесуге сыртқы істер министрі Сергей Лавров, президенттің көмекшісі Юрий Ушаков және Әскери-стратегиялық жоспарлау бастығы Игор Костюков та қатысты. Иран делегациясына Аракчи мен қатар оның орынбасары Казем Гариб-Абади және Мәскеудегі елші Казем Джалали кірді.

댓글
기타 기사