Тәуелсіздік алғаннан бері. Ер адам отыз жыл бойы құжатсыз жүрген

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UFzAkGEF3gs48rdKU7E0KbqVfoOUi1ElWoSFpKrz.webp

Солтүстік Қазақстан облысында 30 жылдан астам уақыт құжатсыз өмір сүрген азаматқа жеке куәлік берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Almaty.tv-ға сілтеп.

58 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны Сергей Порядкин төлқұжатын 1990 жылдардың басында жоғалтып алған.

Содан бері түрлі себептермен құжаттарын қайта рәсімдей алмай, ел ішінде бір өңірден екіншісіне көшіп жүрген. Осы уақыт аралығында ол медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай, тек жалдамалы жұмыстармен күнелткен.

Учаскелік инспектор мен көші-қон қызметі мамандарының көмегімен жеке деректері қалпына келтіріліп, оған ресми түрде жеке куәлік рәсімделді.

Сергей Порядкиннің айтуынша, құжат жоғалтқаннан кейін оны қалпына келтіру түрлі тұрмыстық жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп келген.

Ал СҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының өкілдері өңірде құжатсыз жүрген азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтау және құжаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

댓글
기타 기사