Тоқаев Каспий маңында әскери қару қолданбау керектігін айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2krij8ILf7WdGIVMX09KPtocWx13yA2wEBjJPk6O.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды. Бұл туралы ол Өңірлік экологиялық саммитте айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент Каспий теңізіне қауіп төніп тұрғанын айтып, оны қорғау экологиялық тепе-теңдік пен өңірлік тұрақтылық үшін маңызды екенін мәлімдеді.

«Еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды.  Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді»,-деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінде кез келген әскери қаруды қолданбау керектігін де жеткізді.

«Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс»,-деді мемлекет басшысы.

 

댓글
기타 기사