"Мен көз жұмған шақта да сен, туған жер, бол аман..." Ақын Отырар маңына жерленді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ieYw4vVKpTu8iz2CCLSUbNqwUqVREm1o96SRkeby.jpg

Бүгін, 22 сәуірде халық ақыны Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға елдің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ оның шығармаларын жоғары бағалайтын қалың оқырман қауымы жиналды. Олардың қатарында Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Ринат Зайытов, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бар.

Қоштасу рәсімі ақынның туған жері – Шілік ауылындағы қара шаңырағында өтті.

Еске сала кетсек, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді. Бұған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына хат жолдап, оны Арыстан баб кесенесі аумағында жерлеуді сұраған болатын.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы қазіргі Түркістан облысы аумағындағы Леңгір ауданы Қасқасу ауылында туған. 

댓글
기타 기사