Трамп Иранмен бітімді ұзартатынын мәлімдеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Pv5oLB065YdZRbZ1vcGx6fVEVjBuYZyQ3fQDV4YT.png

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғыстағы бітімді ұзартатынын мәлімдеді. Тиісті мәлімдемені ол 22 сәуірге қараған түні жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

«Фельдмаршал Асим Мунир (Пәкістан қарулы күштерінің қолбасшысы — ред.) мен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Иранға шабуылды олардың басшылары мен өкілдері ортақ ұсыныс әзірлегенге дейін тоқтата тұруды сұрады», — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Сондай-ақ ол «Иран үкіметінің ішінде елеулі алауыздық бар екенін» де ескергенін атап өтті. АҚШ президентінің айтуынша, атысты тоқтату режимі «олардың ұсынысы ұсынылып, келіссөздер қандай да бір нәтижемен аяқталғанға дейін» күшінде болады. Сонымен қатар Трамп АҚШ армиясына Ормұз бұғазы блокадасын «жалғастыруды» және «басқа барлық бағытта жауынгерлік дайындықты сақтауды» тапсырғанын атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің екінші раунды Исламабад қаласында өтетіні әзірге белгісіз.

댓글
기타 기사