Зеленский АҚШ келіссөзшілерін сынға алды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0kjTgW3PxWqjD80R4clCyCyuOdoF3Rnv6OcxQvLC.webp

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың келіссөз жүргізушілерін Украинаға келмей, Ресейге барды деп сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол украиналық “Факты” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, АҚШ тарапынан делдалдық миссиямен жүрген Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевке келмей, Мәскеуге барғаны Украинаға құрметсіздік болып саналады.

«Украинаға бармай, Мәскеуге бару – құрметсіздік», – деді Зеленский.

Ол сонымен бірге соғыс жағдайында елге келудің қиын екенін түсінетінін, бірақ Киевке басқа халықаралық өкілдердің келіп жатқанын да атап өтті.

Президент үшін ең бастысы – келіссөз өтетін орын емес, оның нәтижесі екенін де айтты.

Зеленский Донбасс аумағынан украин әскерін шығару туралы талапты тағы да үзілді-кесілді жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл қадам Украина үшін стратегиялық жеңіліс болар еді.

«Бұл біз үшін стратегиялық жеңіліс болар еді. Егер қорғаныс шептері болмаса, Украина әлсірейді», – деді ол.

댓글
기타 기사