Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлғандар жазалануы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы заңгер Бауыржан Айымбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша жазаланады. Яғни сирек өсімдіктерді жұлуға, зақымдауға немесе олардың өсу ортасын бұзуға тыйым салынған.
Заңға сәйкес, құқық бұзушыларға айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал 14 жасқа толмағандар жауапкершілікке тартылмайды, бірақ олардың ата-анасына айыппұл салынуы ықтимал.
