Иран мен АҚШ өкілдері Исламабадта келіссөз өткізуде

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gf6tnDJFlrsvM36U1Su91UJm1WV1WvDdRV7gQL9s.jpg

Ираннан келген делегация Исламадабта АҚШ өкілдерімен келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы халықаралық БАҚ хабарлады.

Иран делегациясын парламент спикері Мохаммад-Багер Қалибаф бастап келді. Делегация құрамында сыртқы істер министрі Аббас Арагчи, қауіпсіздік, саяси, әскери, экономикалық және құқықтық салалар бойынша бірқатар жоғары лауазымды өкілдер бар.

АҚШ тарапынан келіссөздерге вице-президент, арнайы өкіл Стив Уиткофф және президент кеңесшісі қатысуда.

Иран тарапы келіссөздер басталуы үшін бірқатар шарттар қойған. Атап айтқанда, әскери қақтығыстарды тоқтату және бұғатталған қаржылық активтерді босату мәселелері көтерілді.

Парламент спикері Мұхаммад-Багер Қалибафтың айтуынша, Иран АҚШ-пен диалогқа ашық болғанымен, бұрынғы тәжірибеге байланысты сенім деңгейі төмен. Ол келіссөздер тек шынайы келісімге негізделген жағдайда ғана нәтиже беретінін атап өтті.

Сонымен бірге Иран тарапы егер Вашингтон келіссөздерді уақытша саяси құрал ретінде пайдаланса, ел өз мүддесін қорғауға дайын екенін жеткізді.

댓글
기타 기사