Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gliQA0TkjkDSfUGClW1qYSqUPm8ItUH3CP3FB505.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мемлекеттік марапаттар қатарына "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Президенттің айтуынша, қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болған, олардың ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.

"Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият салаларында зор жетістікке жеткен азаматтарға беріледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи" және "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталатынын жеткізді.

댓글
기타 기사