Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bu0kMS9iDuM5Mcr3PwsaTOWIHBOvkMw8PwcnJXUs.jpg

Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды, деп хабарлайды "Адырна".

Оралбай жекпе-жекті сенімді бастап, алғашқы үшминуттықты 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта да басымдық танытып, жеңіске біртабан жақындай түсті.

Нәтижесінде Нұрбек төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлде иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медальмен шектелген еді.

댓글
기타 기사