Әншінің жоғалған ұлы өлі табылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OzxrWKyOVKFOV31xzvPs90vjrBw9g7ijVHG91Cfg.webp

Алматыда әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлы Баир Сиқымбаев өлі табылды. Қайғылы хабарды журналист Жазира Бегалы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Ол - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жәннатта болсын», - деп жазды ол.

Қазіргі таңда марқұмның нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Баир Сиқымбаевтың 24 наурызда шамамен Коперник көшесіндегі 114-үйден шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпағаны айтылған еді.

댓글
기타 기사