Қырғызстанда Ресейге тиесілі снаряд жарылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/E55NAsF9SDHySHCgcU9pZsuCzIJkRlnv0fpFg4wc.jpg

Қырғызстан қорғаныс министрлігі ресейлік әскери ұшақтардың оқу-жаттығу ұшуларын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

31 наурыз күні Қырғызстандағы Қант әуе базасында орналасқан Су-25 шабуылдаушы ұшағы оқу жаттығуы кезінде екі оқу снарядын абайсызда тастап жіберген.

Ведомствоның мәліметінше, «екі оқу снарядының рұқсатсыз түсуі» ұшудың үшінші оқу бұрылысы кезінде болған. Снарядтар елді мекеннен тыс бос жерге құлаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен зақым келу фактісі тіркелмеген. Алайда жер бетінде радиусы 2–3 метр болатын екі шұңқыр пайда болғаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, жағдай Ыстықкөл облысындағы Сары-Қамыс ауылы маңындағы егістік алқаптар үстінде болған.

Қырғызстан қорғаныс министрлігі оқиғаның себептері толық анықталғанға дейін барлық оқу-жаттығу ұшуларын тоқтатқанын мәлімдеді. Қазір бұл жағдай бойынша әскери прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Ресейдің әуе-ғарыш күштері арнайы комиссия құрып, оны жақын күндері Қырғызстанға жіберуді жоспарлап отыр.

댓글
기타 기사