Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай жариялады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/38ZTQZIobBAppece9BIVmdMwattO0mSZ7PtOx5Fl.webp

Фото: nytimes.com


Шешенстан аумағында нөсер жауынға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Тиісті жарлыққа жексенбі күні аймақ басшысы Рамзан Қадыров қол қойды. Бұл туралы DW агенттігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратша сәйкес, қатты жауын-шашын салдарынан аймақта электр жарығы үзіліп, көпірлерге зақым келген. Сонымен қатар аймақта су басу мен көшкін жағдайлары да тіркелді. 27 наурыздан бері бір ғана Шали муниципалды ауданында 1262 үй, ал Гудермес ауданында 748 үйді су басқан. 29 наурыз күні кешкі уақытта ТЖМ аймақтық бөлімшесінің құтқарушылары 557 үйден су шығарған.

Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары Ахмед Дудаевтың сөзінше, республикада 30-ға жуық жол мен бір бөгет шайылып кеткен. Бұдан басқа 17 көпір, 5 газ құбыры және 6 трансформатор зақымданған. Грозный және Шали қалаларының бірнеше ауданы, сондай-ақ Надтеречный ауданы мен Ножай-Юртов ауданының бір бөлігі жарықсыз отыр.

Бұған дейін Кундухово кенті мен Брагуны ауылынан 1109 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды. Аталмыш елді мекендерді нөсер жауын мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан су басқан.

 

댓글
기타 기사