Ұшатын радар. Иран АҚШ-тың 500 млн доллар тұратын ұшағын жойған – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3GZVwVUmYF6TI4US6hVWOivXotCJwZHt17YEZK2X.webp

Иран АҚШ әуе күштеріне тиесілі алыс қашықтағы радиолокациялық бақылау және басқару ұшағы — Boeing E-3 Sentry-дің көзін жойды. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұшақ Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтан атындағы әуебазаға жасалған соққы кезінде қатты зақымданғаны айтылды. Бұл база ел астанасы — Эр-Рияд қаласынан шамамен 100 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. Желіде жарияланған суреттерде ұшақтың екіге бөлініп кеткені көрінеді.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін америкалық шенеунік Reuters агенттігіне ирандық соққы салдарынан 12 америкалық әскери қызметкердің жараланғанын хабарлаған еді. Ал The Wall Street Journal газеті кемінде екі америкалық жанармай құю ұшағының зақымданғанын жазған.

Boeing E-3 Sentry көбіне AWACS атауымен танымал. Ол – АҚШ әуе күштеріндегі ең қымбат ұшақтардың бірі. Құны шамамен 500 млн долларды құрайды. Ұшақ төбесіндегі үлкен айналмалы радардың арқасында жердегі радарлар байқамайтын төмен ұшатын нысандарды анықтай алады. Бақылау радиусы 400 шақырымнан асады.

The Wall Street Journal газетінің мәліметінше, АҚШ әуе күштері Boeing E-3 ұшағын осы санаттағы неғұрлым жаңа — Boeing E-7 Wedgetail ұшағымен алмастыруы мүмкін, оның құны 700 миллион доллардан асады.

댓글
기타 기사