Израиль Каспий теңізіндегі кемелерді атқылады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zNGxCLfQ2vQHb4d360qtuO95PCXfRvLbaRNHJlUk.jpg

Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында Израильдің Каспий теңізі бағытына жасаған шабуылы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна”.

Иранның солтүстігіндегі стратегиялық маңызы бар Бендер-Энзели портты қаласына зымыран соққылары жасалғаны хабарланды. Қала әкімі Мохаммад Салех Зиаиның мәліметінше, шабуыл салдарынан бірнеше маңызды нысан зардап шеккен. Атап айтқанда, кеден ғимараттары, порт басқармасы және кеме қатынасы ұйымының инфрақұрылымы соққыға ұшыраған.

Иран тарапының хабарлауынша, шабуылдан адам шығыны тіркелмеген. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр, ал жағдай толық бақылауға алынған.

Израильдік ақпарат құралдары бұл шабуылдың ауқымды болғанын атап өтіп, порт инфрақұрылымына елеулі зиян келгенін жазады. Мәліметтерге сәйкес, соққылар әуе және теңіз бағыттары арқылы жүзеге асырылған.

Бендер-Энзели — Каспий теңізі жағалауындағы Иранның ең ірі порттарының бірі әрі маңызды сауда-логистикалық орталық. Бұл порт арқылы Иран, Ресей және өңірдің басқа елдері арасында жүк тасымалы жүзеге асады. Сондықтан аталған шабуыл Каспий өңіріндегі көлік дәліздері мен экономикалық байланыстарға әсер етуі мүмкін.

Осы оқиғаға байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің энергетикалық және стратегиялық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер жағдайды күрделендіріп, бақылаудан тыс салдарға әкелуі мүмкін және оның әсері тек аймақпен шектелмей, жаһандық деңгейде сезілуі ықтимал.

댓글
기타 기사