Президент жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L1GvJOzWSF3YRG8dk5yjUxCBQAcq3DCNz9d9COR3.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кеңеске Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.

Жиында Президент «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. Сонымен қатар, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу қажеттілігі айтылды.

«Ең алдымен, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқындайтын заңдарды түзеу қажет. Алты конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін үш заң қабылдануы тиіс. Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек», — делінген хабарламада.

Президент заңдарды сапалы және уақытында әзірлеуді, сондай-ақ Үкіметке нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзету міндетін жүктеді.

댓글
기타 기사