Путиннің баспасөз хатшысы Хаменеи туралы ақпаратқа пікір білдіруден бас тартты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cWa2kg5CJxv3q6krH8LDe88vbiAkDC9lgRVGeJ4W.jpg

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Иранның жаңа көшбасшысы туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tass-қа сілтеп.

БАҚ-та аятолла Моджтаба Хаменеи ем алу үшін Ресейге келгені жөнінде мәлімет тараған. Бұл ақпаратты Кувейттің «Аль-Джарида» басылымы дереккөздерге сілтеме жасап жариялаған.

Алайда Песков журналистердің сұрағына:

«Мұндай хабарламаларға біз пікір білдірмейміз», – деп қысқа жауап қайырды.

Бұған дейін Иранның сыртқы істер министрлігі Моджтаба Хаменеи шабуылдар кезінде жарақат алғанын, бірақ оның жағдайы тұрақты екенін хабарлаған.

Еске сала кетейік, Иранда жағдай күрделене түскен. АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған шабуылдар салдарынан бұрынғы жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи қаза тапқаны хабарланған. 

댓글
기타 기사