Рахат Тұрлыханов тағы да әйелін ұрды деген күдікке ілінді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gabEOOJXp28vCDf3Hs2yA2PGhFiALPpMNeB2j9L3.jpg

Белгілі кәсіпкер және әнші, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі Рахат Тұрлыханов Алматыда қайтадан полиция бөліміне жеткізілді. Оған тағы да «отбасылық жанжал шығарып, жұбайына қол көтерді» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметке сәйкес, Медеу ауданында орын алған отбасылық жанжал бойынша шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жанжалға қатысушыларды аудандық басқармаға жеткізді.

Әйел адам басында күйеуінің физикалық күш көрсеткенін айтқан. Кейіннен ол соққы жегенін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз қалдырған. Нәтижесінде, Рахат Тұрлыхановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Рахат Тұрлыханов бұған дейін де әйелін ұрғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті 10 тәулікке қамауға алынған болатын. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің хабарлауынша, қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

 

댓글
기타 기사