361-референдум учаскесінде этно-брейк форматында референдумға дауыс беру өтуде

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RES7LZzghTFnZfjNQQc0NnEWiNxxz8njYjaJhyai.jpg
Бүгін Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде референдумға дауыс беру ерекше форматта – этно-брейк мәдени шарасымен қатар ұйымдастырылды.
Бұл бастама тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған.
Іс-шара барысында тұрғындар референдумға өз дауыстарын беріп қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық дәстүр элементтерімен танысуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат халықтың сайлау процесіне қызығушылығын арттырып, қоғамдағы бірлік пен белсенділікті күшейтеді. Учаскеге келген тұрғындар да бұл бастаманы қолдап, өз таңдауларын жасап, азаматтық борыштарын орындауда.
№361 референдум учаскесінде дауыс беру белгіленген уақытқа дейін жалғасады. Тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде.
댓글
기타 기사