Қазақстан 2026 жылы мұнайды әлемдік нарықтарға Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры арқылы 1,5 млн-нан 2,2 млн тоннаға дейін экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы журналистерге елдің Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан Әзербайжанға кемінде 1,5 млн тонна, ал ең жоғары көлемде 2,2 млн тонна мұнай жеткізуді көздеп отыр. Оның сөзінше, бұл бағыт арқылы экспорт көлемін арттыру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, 2026 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі шамамен 96–98 млн тонна деңгейінде болады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,2 млн тонна мұнай экспорттаған.
