Таяу Шығыстағы шиеленіс. Қытай пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eWkHSpXV73nY2GVSnG3KSjOlZgdBptfGwT0Xvktu.jpg

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Таяу Шығыстағы соғыс әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Ол соғыстың күшпен шешілетін мәселе еместігін атап өтті.  Айтуынша, қақтығыстар жаңа өшпенділікті тудырып, бұрыннан шиеленіскен жағдайды одан әрі ушықтырады.

Министр Парсы шығанағы аймағындағы елдердің, оның ішінде Иранның егемендігі, қауіпсіздігі және территориялық тұтастығы құрметтелуі керек екенін және оларға қол сұғуға болмайтынын жеткіздә. Сондай-ақ ол Иран мен Таяу Шығыстағы жағдайды дұрыс реттеудің негізгі принциптерін түсіндірді.

«Күштілердің әрекеті әрдайым дұрыс бола бермейді. Әлем джунгли заңына қайта оралмауы тиіс», – деді Ван И Пекинде өткен брифингте.

Одан бөлек, ол аймақтағы елдердің ішкі істеріне араласпауға шақырды.

«Билікті күш қолданбай өзгерту немесе алмастыру әрекеттері қолдау таппайды. Барлық тарап мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне оралып, теңқұқылы диалог арқылы келіспеушіліктерді реттеп, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш салуы тиіс»,-деді Қытай СІМ басшысы.

Министр Пекиннің Таяу Шығыс елдерімен бірге жаһандық қауіпсіздік бастамасын жүзеге асыруға дайын екенін де айтты.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен әскери операция бастаған еді.

댓글
기타 기사