Қазақстандық спортшы XXI ғасырдың ең үздік боксшыларының бірі атанды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0SVkq06SfQlgQPbDoAlsdpEL5ML0zHe4jQywg2r1.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең үздік боксшыларының қатарына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Boxing.media платформасы қазіргі заманның ең мықты былғары қолғап шеберлерінің рейтингін жариялады. Аталған тізімде қазақстандық боксшы 11-орынға жайғасты.

Спортшы Головкин орта салмақта World Boxing Association (WBA), International Boxing Federation (IBF) және World Boxing Council (WBC) нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін ұзақ жылдар бойы сәтті қорғап, әлемдік бокста ерекше із қалдырды.

Boxing.media нұсқасы бойынша XXI ғасырдың үздік 25 боксшысы:

1. Флойд Мейвезер (АҚШ)

2. Мэнни Пакьяо (Филиппин)

3. Бернард Хопкинс (АҚШ)

4. Александр Усик (Украина)

5. Сауль Альварес (Мексика)

6. Андре Уорд (АҚШ)

7. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

8. Хуан Мануэль Маркес (Мексика)

9. Рой Джонс кіші (АҚШ)

10. Наоя Иноуэ (Жапония)

11. Геннадий Головкин (Қазақстан)

12. Джо Кальзаге (Ұлыбритания)

13. Эрик Моралес (Мексика)

14. Василий Ломаченко (Украина)

15. Оскар Де Ла Хойя (АҚШ)

16. Роман Гонсалес (Никарагуа)

17. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)

18. Мигель Котто (Пуэрто-Рико)

19. Виталий Кличко (Украина)

20. Марко Антонио Баррера (Мексика)

21. Кэти Тейлор (Ирландия)

22. Владимир Кличко (Украина)

23. Кларесса Шилдс (АҚШ)

24. Рональд Райт (АҚШ)

25. Тимоти Брэдли (АҚШ)

Айта кетейік, Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. Ал кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған.

댓글
기타 기사