Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстан әуе рейстерін өзгертті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vQIejoUKNTH5SQZ7El63ZJopBo7qMO9Zdz1yOYYd.jpg

28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығыс бағытындағы рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы әуе тасымалдаушылары хабарлады.

Air Astana мәліметінше, бірқатар рейстер ұшу әуежайларына кері қайтарылды. Атап айтқанда, Алматы – Медина (KC263), Алматы – Дубай (KC897), Алматы – Доха (KC653), Астана – Дубай (KC205, KC207) бағытындағы рейстер кері оралды.

Сонымен қатар, Алматы – Дубай бағыты бойынша KC899 рейсі Дели қаласына бағыт өзгерткен.

FlyArystan әуе компаниясының Ақтау – Дубай бағытындағы FS7617 рейсі балама әуежайға қондырылған.

Компаниялар 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыс елдеріне ұшатын өзге рейстердің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Әуе тасымалдаушылары жолаушылардан рейстердің ұшу және келу уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескеріп, олардың мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды.

Сондай-ақ жолаушылар Джидда, Медина және Дубай бағыттарына алынған билеттерді 6 наурызға дейін қайта брондап немесе толық қайтаруға мүмкіндік алады.

댓글
기타 기사